• Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19А шағынаудан , 1/1 ғимарат
  • Сейсенбі - Жұма: 09:00-18:30
    Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:30
    Дүйсенбі - демалыс

Кітап көрмелер

"Бір өлке-бір тұлға" акциясы аясында

Құрметті оқырмандар! Апталық көрме өз жұмысын бастады!

30.03.23ж. Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық кітапханасында “Бір өлке, бір тұлға” акциясы аясында, Қазақтан шыққан тұңғыш мифолог, ғалым, географ, этнограф, тарихшы, өлкетанушы - Серікбол Қондыбайдың туғанына 55 жыл толуына орай “Серікбол Қондыбайдың ғылымдағы қисындары мен қағидалары” атты оқырмандар конференциясы өтті.

Конференцияға зиялы қауым өкілдері, ғалым, өлкетанушы - Мұрат Ақмырзаев,

Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент - Эльвира Абланова,

Шетпедегі Серікбол Қондыбай атындағы мемориалдық музейдің директоры - Рима Бердиева және Ақтау қаласындағы Серікбол Қондыбай атындағы 22мектеп пен Мұнайлы ауданындағы мектеп оқушылары мен ұстаздары қатысты.

Шараға қатысушылар Серікбол Қондыбайдың шығармашылығынан сыр шертетін бейнероликті тамашалап, ғалымның еңбектерінен, шығармашылығынан зерттеу жұмыстарын көрсетіп, баяндамаларын таныстырды.

Шетпелік Өнер колледжінің студенті Сыдықова Ақбота “Көлқайнар”, “Шалқымалы” әндерін домбырамен орындап, өнерін ортаға паш етті.

Шара соңында конференцияға қатысушыларға облыстық кітапхана атынан кітаптар мен алғыс хаттар табысталды.

Сонымен бірге Шетпедегі Серікбол Қондыбай Музейі Серікбол Қондыбай атындағы мемориалдық музейінің көрмесі көпшілікке таныстырылды. Көрме кітапхана фойесінде бір апта бойы жұмыс жасайды. Келіңіздер! Көрмемен танысуға шақырамыз!

362 әулиелі қасиетті Маңғыстау топырағында туып өсіп, түркі мифологиясын, жауынгерлік рух пен дәстүр-салтын зерттеген ғалым, ерекше дарын иесі -Серікбол Қондыбайдың мұрасы конференция қатысушылары мен өскелең ұрпаққа берер тағылымы орасан зор.

#бірөлкебіртұлға

#серікболқондыбай55жыл 

: 15:59  


Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! 2024 жылдың мерейтой иелеріне, атаулы даталарға арналған кітап көрмелер кітапхана бөлімдерінде ...

Жаңалыққа өту  

Құрметті оқырмандар! Апталық көрме өз жұмысын бастады! 30.03.23ж. Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық кітапханасында “Бір өлке, бір ...

Жаңалыққа өту  

Облыстық кітапханасының өлкетану залында "Қазақ рухының символы" атты кітап көрмесі өз жұмысын бастады!  Биыл "Бір өлке -бір тұлға"-2023  өлкетану ...

Жаңалыққа өту  

"Бір өлке - бір тұлға" өлкетану акциясы аясында Маңғыстаудың бір туар азаматы, қоғам қайраткері Жалау Мыңбайұлының туғанына 130 жыл толуына орай ...

Жаңалыққа өту  

Биылғы жылы мерейтой иелеріне арналған "Ұлт мақтаныштары" атты кітап көрмесі кітапхана кіріберсінде ұйымдастырылды. Көрмені Бірге тамашалауға ...

Жаңалыққа өту  

...

Жаңалыққа өту  

Кітапханамыздың өнер бөлімінде "Ай-стоппер" көрмесінің тақырыбы "Көңіл түсі - көк!". Келіндер, бірге оқиық! ...

Жаңалыққа өту  

Ұлы Абайдың туғанына 175 жыл толуына орай "Абай халық жүрегінде" атты кітап көрмесі кітапханамыздың өнер бөлімінде өз жұмысын бастады. ...

Жаңалыққа өту  

11 желтоқсан күні оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің оқу залында "Тәуелсіздік тұғыры биік болсын" атты кітап көрмесі өз жұмысын бастады. ...

Жаңалыққа өту  

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ

+7 (7292) 30 31 13

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Сейсенбі - Жұма: 09:00-18:30
Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:30

Дүйсенбі - демалыс

Әмбебап кітапхана қызметін пайдалану ережесі

Оқып шығу